АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек Қазақстанның солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.