Оқиға

Шымкент полициясы дәмханадағы атыс бойынша өз болжамын жариялады

© Sputnik / Табылды Кадырбековтапанша
тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Шымкент полициясы сот алды тергеу жүргізуде

АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. Шымкентте 30 жастағы ер азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. 

2017 жылғы 9 қаңтарда сағат 5.20 минут шамасында ОҚО ІІД Жедел жоспарлау орталығына көше қиылыстарының бірінде ер азаматтар арасында төбелес орын алып, нәтижесінде біреуі қарудан жарақат алғаны туралы хабар келіп түскен.

 Әл-Фараби ПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанда Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі қиылысында арқа тұсынан оқ жарақатын алған ер азаматтың денесін тапты. Ол 1986 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды, алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болған. 

"Полицейлер анықтағандай, кафелердің бірінің маңында ер азаматтар тобының арасында келіспеушілік орын алып, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде белгісіз тұлға анықталмаған қарумен оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан", — делінген таратылған хабарламада.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ СДТБТ тіркеліп, ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  


Жаңалықтар
0