АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. Француз суретшісі Жан-Франсуа Розьенің көрмесін жарнамалайтын ерекше шара Астанадағы "Хан Шатыр" сауда орталығына келушілерді таңғалдырды. Үстеріне сурет салынған жартылай жалаңаш қыздар сауда қатарларынан өтіп, адамдарды қайран қалдырды.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары болжамдарымен бөліскен: кезекті флешмоб па әлде, әйелдерге ұятмендер жетпей жатыр ма?
Әлеуметтік желілердегі қоғамдық шу туғызған француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалау болып шықты.
"Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты — көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр", — деп хабарлады көрме ұйымдастырушылары.
Жан-Франсуа Розьенің "Гипер Астана" көрмесінің ашылу салтанаты 20 қаңтарда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келсім сарайында өтеді. Көрмеде 30-дан аса эксклюзив экспозиция көрсетілетін болады.