Спорт

Путинцева WTA жеке разряды рейтингінде бір қатар жоғалтты

Жазылу
Әйелдер теннис ассоциациясы рейтингінің бірінші жүздігінде (WTA) Юлия Путинцева республиканың алғашқы әйелдер ракеткасы болып қала беруде

АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы бойынша жеке разрядтық рейтингте бір қатар жоғалтты. 9 қаңтарта жаңартылған рейтингте, Путинцева 33-орынан 34-орынға төмендеді. Бірінші жүздікке кіретін тағы бір қазақстандық Шведова 37-орыннан 41-орынға түсіп қалды. 

Екінші жүздікте қазақстандық Зарина Дияс бес қатар жоғалтып, 154-ші орынға тұрақталды. Үшінші жүздікте Галина Воскобоева екі саты көтеріліп 310-шы болды. Камила Керімбаева 346-орында қалды. 

Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.

Жұптық разряд рейтингінде Шведова 14-орында қалды. Воскобоева екінші жүздікте 172-шіден 170-орынға көтерілді. Путинцева төртінші жүздікте  335-ші орыннан 337-орынға төмендесе, Камила Керимбаева 352-ші орыннан 341-орынға көтерілді. Дияс екі сатыға көтеріліп, 357-ші болды.

Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұр, екінші орында – француз Каролин Гарсия, үшінші орында  – француз Кристина Младенович түсті.


Жаңалықтар
0