Оқиға

Ақтауда 32 жасар ер адам өз пәтерінде асылып өлді

© Public Domainдар арқаны
дар арқаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер кісінің өмірімен қоштасуға ненің себеп болғаны әзірге белгісіз

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Ер адам өз пәтерінің дәлізіндегі турникке асылып өлген, деп хабарлайды "Лада". 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның мүрдесін мәйітханаға жеткізді. Медицина сараптамасы орталығы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда денеде арқанмен буынудың ізінен басқа  зорлық белгілері анықталмаған.

Туыстары денесін сойғызудан бас тартқан.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, ер адам жалғыз тұрған. Оның бойында ешқандай күдікті нәрселер байқалмаған. Ол ішімдік ішпеген, спортпен айналысқан. 


Жаңалықтар
0