Израиль, Германия, Ресей, Украина және Қазақстанның ең үздік қуыршақ шеберлері ерекше махаббат пен мейірімге зәру жандарға арнап періштелер жасап шығарды. Көремеден соң әрбір періште қатерлі дертке шалдыққан балаларға сыйлық ретінде берілді. Таңғажайып періштелерді фотолентамыздан тамашалаңыздар

1/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
"Рождество - періштелер уақыты" атты көрме "Патшайымға арналған періштелер" атты қайырымдылық жобасының аясында өткізілді.

2/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Көрмеге әр түрлі періштелер қойылды: үлкен және кіші көлемдегі, қағаздан және жүннен, шыныдан немесе матадан, саздан немесе пластиктен жасалған.

3/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Әр бір туынды айрықша қасиетке ие, өйткені шеберлер оған жан тәнімен беріліп, бар мейрімін төккен.

4/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
"Патшайымға арналған періштелер" көрмесі Рождестов мерекесіне орай өткізілген.

5/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қарасаң көзің тоймайтын сүйкімді періштелер Новгород қаласынан да келіп жетті.

6/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Барлық қатысушылар ғажайып сиқыршы сертификаттары және сыйлықтармен марапатталды.

7/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Періштелер "Вернисаж" галереясы залдарының біріне орналастырылды.

8/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Әділқазылар ересектер және балалар санаты бойынша үздік үш қатысушыны анықтады.

9/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Балалар арасында бірінші орынды алты жасар Сафина Меңсейітова, екінші орынды – Жансая Тұрмағамбетова (13 жас) және үшінші орынды – Елдана Жұмабек (10 жас) алды.

10/10
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Ересектер арасында Екатерина Курочкина жеңімпаз атанды, екінші орынды Надежда Крупская, үшінші орынды Татьяна Столяренко иеленді.
