АСТАНА, 7 қаң — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы Платон Даниленконың қазасына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Платон Даниленко жасы кіші болса да, "Барыс" ХК ең берілген жанкүйері болған.
"Өз айдынымызда өткен матчтарда немесе фотосуреттер мен бейнежазбаларда осы бір бүлдіршінді көпшілігіңіз көрген шығарсыздар. Біздің команданың ең адал, ең ақкөңіл, ең берілген жанкүйері, "Барыс-2008" шәкірті Платон Даниленко жол апатында қыршынынан қиылды", — делінген хабарламада.
"Барыс" хоккей клубы баланың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтады.