Оқиға

Ақтөбедегі терактінің елесі: тергеудегі полицейлердің жақындары наразылық білдіруде

© Sputnik / Антон ПережогинАқтөбе жергілікті полиция қызметі басшыларының әйелдері қарсылық шарасында
Ақтөбе жергілікті полиция қызметі басшыларының әйелдері қарсылық шарасында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде прокуратура ғимаратының маңында тергеуге алынған жергілікті полиция қызметі басшыларының жақындары наразылық шараларына шықты

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Тергеу Ақтөбе жергілікті полиция қызметінің бастығы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановқа 2016 жылғы 5 маусымда орын алған террористік акті кезінде әрекетсіздік таынтты деген күдік келтіріп отыр. Басшы полицейлердің туыстары полиция әрекетінің мұндай баяндалуымен келіспейді. 

Ақтөбеде облыстық прокуратура ғимаратының алдында жұма күні 50-ге жуық адам жиналды. Бұл 11 қазанда үстерінен "Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған тергеудегі полицейлердің туыстары, жора-жолдастары мен таныстары. Бұл бап бойынша 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

© Sputnik / Антон Перегожин Ақтөбе полицейлерінің әйелдері
Ақтөбе полицейлерінің әйелдері  - Sputnik Қазақстан
Ақтөбе полицейлерінің әйелдері

Айыпталушылардың туыстары атап өткендей, өткен түні Шляшев пен Шоқановқа облыстық прокуратурадан хабарласып, азаматтық киімде келулерін талап еткен. Түске дейін дерлік екі полицейден жергілікті прокуратурада жауап алынған. 

Заместитель генерального прокурора Казахстана Андрей Кравченко на брифинге в Актобе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БП: Ақтөбеде болған теракт криминалдық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді

Тергеуге алынғандардың туыстарының пікірінше, полиция қызметкерлерін қамауға санкция алу үшін прокуратурадан тіке сотқа апаруы мүмкін. 

Қарсылық білдірушілер тобының құрамында жергілікті полицияның бастығы мен орынбасарының әйелдері болған. Сандуғаш Шляшеваның сөзіне қарағанда, оның күйеуі Ермек Шоқановпен бірге 5 маусым күні қылмыскерлердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағанын естей сала, дабылды күтпей, өз көліктерінде қарусыз оқиға орнына барған. Сосын олар лаңкестер мінген автобустың соңынан Ұлттық ұланның әскери бөліміне дейін ерген. Сондай-ақ, олар әскери бөлімге кіретін кіреберісті қоршауға алған. Әйел, күйеуінің орынбасарымен бірге лаңкестермен мінген автобусқа тосқауыл болғанын алға тартады. 

"Ол барлық сыртқы бақылау камераларында тіркелген. Олар өздерінің жеке көліктерінде, қарусыз жолды жауып, жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Қақпаның сыртына ұшқан оқтарды олар өздеріне қабылдады… осының бәрін олар нұсқаулық бойынша істеген", — дейді әйел. 

Кешірек тергеудегілерді кепіл ақымен және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберді. Органдағылар істің мән-жайын ашудан бас тартты.  


Жаңалықтар
0