АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Қазақстан азаматшасына Белоруссиядағы Свято-Ксиеневский шіркеуінің бастығын өлтірді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
Василисса шешей өткен түнде Минск облысы Барань ауылындағы Петербургтік Ксения әйелдер шіркеуінде пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Өлтірді деген күдікті ұсталды.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Василисса шешейге пышақ жарақаттарын Қазақстан Республикасының 29 жасар азаматшасы салған", — деп хабарлады Sputnik-ке жұмада Белоруссиялық экзархат Борисов эпархиясында.
Әйелге ауыр тұрмыстық жағдайына қолқабыс ету үшін шіркеуде уақытша қоныс берген, деп түсіндірді эпархияда.
Sputnik-пен әңгімелесуші сондай-ақ, қайғылы оқиғаның алдында күдіктінің бойынан психикалық ауытқулар байқалғанын айтты