Оқиға

Павлодарда автоұры ұялы телефонын қылмыс орнында ұмытып кеткен

CC0 / / Телефон, автокөлік
Телефон, автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер асығыста көліктің салонында өзінің ұялы телефоны мен қылмыс құралын ұмытып кетті

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Павлодарда көліктен бейне тіркегішті ұрлап, соңына полиция түскен ұры, салонда өз ұялы телефонын қалдырып кетіпті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, түнгі сағат үштерде Павлодар қаласы ІІД жол патруль полициясы батальонының полицейі, полиция сержанты Қаиржан Смагұлов қызметтен кейін үйіне қайтып бара жатқан. Кутузов көшесі бойындағы үйлердің бірінде өтіп бара жатып, ол подъездің жанына қойылған Audi-80 автокөлігінде сигнализацияның ойнағанын есітіп қалады. Бір секундта бөгелмей, Қайыржан көлікке қарай барып, қараңғыда ер адамды көрген. Полицейді көрген жігіт қаша жөнелген, алайда ұсталады.

Оқиға орнынан келіп жеткен тергеу жедел тобы көліктің есігі ашық болғанын және бейне тіркегіштің жоқ екенін анықтаған. Ең қызығы тәртіп сақшысынан қашқан күдікті автокөліктің салонында ұялы телефонымен қылмыс құралы – қайшыны ұмытып кеткен. 

Ұсталған 27 жастағы ер адам осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапқа бұрын соңды тартылғаны анықталды. 


Жаңалықтар
0