Оқиға

Ақмола облысында алтын рудасы бар 29 қаппен кеншілер ұсталды

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуАлтын
Алтын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт жұмысшыға алтыны бар руда ұрлады деген күдік келтіріліп отыр

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Ақмола облысында кварцы алтын рудасы бар 29 қаппен төрт кенші ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірдің ішкі істер департаментінде. 

Степногорск полициясына 5 қаңтарда "Қазақалтын" ТМК АҚ қызметкерлерінің телефон хабарламасы келіп түсті. 

"Ақсу ауылындағы шахтада 1989, 1990, 1994 және 1988 жылы туылған төрт жұмысшы 29 қап кварцтық рудамен ұсталды. Мойындау түсініктері бар, дәлел заттары алынды. Олардың үшеуі жергілікті тұрғын, ал бір жігіт – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны", — деді полицияда. 

Дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 334-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозады. Сот алды тергеу жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0