АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Православ христиандар үшін Рождество Пасхадан кейінгі екінші маңызды діни мереке болып саналады, ол 11 күн тойланады. Рождество үнемі 7 қаңтарда болады. Рождество мерекесінің алдында сочельник кезінде христиандар ауыз бекітеді, шіркеу жарғысы бойынша сочиво – қайнатылған бидай немесе күріш дәні ғана жеуге болады. Сол себепті 6 қаңтар "рождестволық сочельник" деп аталады.
Қазақстанның Православ Шіркеуінің басшысы, митрополит Александр атап өткендей, "айналамызға жақсылық жасағанда ғана Құдай біздің өмірімізге енеді".
"Айналамызға қайырымдылықпен, мейріммен қарайық. Біздің жақсылығымызға зәру жандар өте көп. Олар біздің жақындарымыз ғана емес, өмірімізде бір-ақ рет кездесетін бейтаныс адам болуы мүмкін. Егер риясыз жақсылық жасай алатын болсақ, соны өміріміздің мәніне айналдырсақ, шынымен де бақытты ғұмыр кешеміз", — деп үндеу тастады діндар басшысы.