АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Шымкентте жұрттың қалтасына түскен деген күдікпен үш әйел ұсталды деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілерді ұстауға жергілікті тұрғынның арызы себеп болды. Базарда әйелдің сөмкесіне ұры түсіп, 120 мың теңгесін алып кетіпті. Бақылау камераларының көмегімен полицейлер 1971, 1985 және 1991 жылы туылған жұмыссыз үш әйелді ұстады.
© Photo : ОҚО ІІД Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелдер
Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелдер
© Photo : ОҚО ІІД
Тергеу нәтижесі бойынша, ұсталғандар жалпы сомасы 200 мың теңгені құрайтын үш ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр.
ҚР ҚК 188 бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.