Саясат

Керри Астанадағы кездесу туралы: өткізілсе, үлкен жетістік болады

© Sputnik / Медиабанкке өтуДжон Керри
Джон Керри - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанада Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеу жөнінде кездесудің өтетініне күмән келтірді

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанада Сирия туралы кездесу үлкен жетістік болады деп сенгенімен, болатынына күмән келтіреді деп хабарлайды РИА Новости.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
БАҚ: Сирия бойынша келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтеді

"Бұл кезеңде Астанада өтетін кездесу үлкен алға жылжу болады деп сенеміз. Дегенмен Сириядағы аухал мен ұстанымдардың өзгеруін ескерсек, кездесудің орын алатынына аздап күмәніміз бар", — деді Керри Вашингтондғы баспасөз конференциясында.

"Астанада өтетін кездесуді құптаймыз. Оның жақсы жетістік болатынына сенеміз. Мен Стаффан де Мистура және ішкі істер министрімен (РФ, Сергей Лавров) сөйлестім. Бәрі де бір ғана мақсатымыздың қалғанына келіседі, ол – Женеваға барып, шынайы келсіссөздер жүргізу", — деді Керри Сирия жөнінде ақпанға жоспарланған Женева кездесуін меңзеп. 

Жаңалықтар
0