Оқиға

Ерікті: Шағанға 50-ден астам сөмке тамақ пен киімдер алып барамыз

Жазылу
Ерікті, қоғам қайраткері Нұрлан Досымов Қарағанды облысы Шахан кентінде көп қабатты үйдің құлауынан зардап шеккендерге Астана тұрғындарының қалай көмектескені туралы айтып берді.

АСТАНА, 5 қаң — Sputnik. Ерікті, қоғам қайраткері Нұрлан Досымов Қарағанды облысы Шахан кентінде көп қабатты үйдің құлауынан зардап шеккендерге Астана тұрғындарының қалай көмектескені туралы айтып берді. 

"Елімізде, Шахан кентінде қайғылы оқиға орын алып, адамдар қаза тапты, көптеген отбасы үйлерінен тыс жерде қалды. Оларға тамақ, киім керек. Қоға қайраткерлері, белсенділер – Ерлан Саиров, Мұрат Әбенов, Талғат Борн, Ақберген Елгезектің азаматтық бастамасымен Астанада қайырымдылық көмек жинау орталықтарын ұйымдастыру ұйғарылды. Екі күн ішінде орталыққа 100-ден астам  адам келді. Адамдар қажетті нәрселер – бұзылмайтын азық-түлік (макарон, күріш, қарамық) жылы киім, ойыншықтар әкелді. Жалпы 50-ден астам сөмке жинадық", — деді Досымов. 

1 қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Екі адам ауруханаға жатқызылды. 2 қаңтар 13:00-де үйіндіні тазарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 


Жаңалықтар
0