Саясат

Қазақстанда екі министрлік қайта ұйымдастырылады

© Sputnik / Болат Шайхиновминистрліктер үйі
министрліктер үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір функциялары өзге ведомстволарға өтеді.

АСТАНА, 5 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" жарлыққа қол қойды. Құжат мәтіні Ақорданың сайтында жарияланды. 

Жарлық мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне: халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастыру тапсырылды. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстанда қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының үкіметіне қайта бөлiнетiн штат саны шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетін құру; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар арасында штат санын қайта бөлу; 2017 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының

2017 – 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. 

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтар
0