Қоғам

Өтебеков: бірде бір елде тіркелмеу үшін айыппұл салынбайды

Жазылу
Танымал қазақстандық адвокат Джохар Өтебековтің пікірінше, азаматтарды уақытша тіркеуге алу туралы норма құқық қорғау органдарына күтілген нәтиже бермей, тек адамдарды да, полицейлерді де әбігерге салады екен.

АСТАНА, 5 қаң — Sputnik. Танымал қазақстандық адвокат Джохар Өтебековтің пікірінше, азаматтарды уақытша тіркеуге алу туралы норма құқық қорғау органдарына күтілген нәтиже бермей, тек адамдарды да, полицейлерді де әбігерге салады екен.

"Кейбір дамыған елдерде, шын мәнінде біздегідей тұрғылықты мекен бойынша тіркелу секілді норма бар. Қалай болғанда да бұл үшін еш жерде айыппұл салынбады. Екі тарапқа да айыппұл салуды айтпағанда. Тек тіркелуге тиіс тұлғаға ғана айыппұл салынып қана қоймай, бұл міндетті баспана иесіне де қойған. Бұл біріншіден. Екіншіден, мен тұрғылықты және уақытша тіркелу бір уақытта жүретін бірде бір елді білмейтінім анық. Яғни енді көптеген адамдар екі тіркеуде тұратын болады", — деді Sputnik Қазақстанға Өтебеков. 

Оның пікірінше, уақытша тіркеу енгізу туралы аса қажеттілік жоқ, әйтсе де күш құрылымдары мұны террористермен күреске қажет деп түсіндіруде. "Ең болмаса бір лаңкесті тіркеу тәртібінің арқасында ұстапты дегенді естімеппін… Бұл жерде полицияның біржақты ведомстволық мүддесі, онсыз да шексіз өкілеттігін күшейту тілегі басым болған секілді", — деп санайды адвокат. 


Жаңалықтар
0