АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Astana Motorsports қазақстандық командасының жеңіл көлік экипажы "Дакар" экстремалды ралли-марафонының үшінші кезеңінде өз санатында үшінші орын алды деп хабарлады команда баспасөз қызметі.
Команда баспасөз қызметі еске сала кеткендей, "Дакар" үшінші кезеңі Аргентинада болды. Қатысушылар 800 шақырымға жетерлік қашықтықты жүріп өтті. Экипаж бұл кезеңде 32-ші боп келді, сөйтіп өз санатында — Т2 production үшінші орынды иеленді.
© Photo : пресс-служба Astana MotorsportsAstana Motorsports
Astana Motorsports
© Photo : пресс-служба Astana Motorsports
Ал жүк көлік экипажы бұл кезеңде 19-шы болып мәреге жетіп, жүк көліктердің жалпы есебінде 17 орын алды.
Бесінші қаңтарда "Дакар" экстремалды ралли-марафонының төртінші кезеңі өтеді. Қашықтықтың жалпы ұзындығы 521 шақырымды құрайды.