АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Баскетболшы Игорь Нанаевтің ісі Петропавл сотына берілді. Спортшыны 2016 жылы қазанда түнгі клуб жанында аяусыз сабап кеткен болатын. Содан кейін ол ауруханада көз жұмған еді деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Петропавл қалалық сотына Қайбаров Д. Ж., Мақатов Б. К., Әскеров Ж. Е., Меңдібаев А. М. және Еламанға О. Ж. қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Сот алды тергеу органдары оларды 2016 жылы 3 қазанда сағат түнгі 3 кезінде Петропавл қаласы "Парк-Сити" түнгі клубы жанында бірқатар қылмыс жасады деп айыптап отыр", — деп ақпарат берді сотта.
Негізгі сот талқылауы 11 қаңтарда болады. Сотталушылардың арасында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің екі студенті мен бір колледж студенті бар.