Оқиға

БҚО-да балалар жаңажылдық отшашудан зардап шекті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны үшеу

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Қолдары мен көздері күйіп қалған балалардың бірі облыстық көп бейінді балалар ауруханасында жатыр деп жазады "Мой город" порталы.

ТҚКС-дағы өрт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда өрт кезінде автокөліктер мен ТҚКС бокстері жанып кетті

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 11 жасар баланың қос білегі мен көзінің мүйізгек қабығын күйік шалған.

"2006 жылы туылған екінші бір бала аздаған күйік жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылды", — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, мереке күндері ауруханаға 67 жастағы ер адам түсті, ол өрт салдарынан күйік алған екен. Гирлянданың қысқа тұйықталуынан үйдегі шырша тұтанып кетсе керек.  

Жаңалықтар
0