Спорт

Талгаев "Тараз" футбол командасын басқарды

Жазылу
1996 жылы Талгаевтың бапкерлігімен "Тараз" командасы алғаш рет Қазақстан чемпионы болды.

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстандық "Тараз" футбол клубының ең үздік бапкері Вагит Талгаев қайтадан осы команданы басқарды, деп хабарлайды сәрсенбіде клубтың ресми сайты.Хабарламада, Вайт Талгаев енді 2017- жылғы футбол маусымында "Тараз"командасын жаттықтыратын болды, делінген.

 Талгаев Қазақстанның ең үздік бапкерлерінің бірі саналады. Футболшы ретінде КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнаған. Сонымен қатар, Алматының "Қайрат" клубының да намысын қорғады. Жаттықтырушы ретінде әр жылдары Қазақстандық "Ертіс", "Жетісу", "Қайсар" клубтарының бас бапкері болды. Тіпті, Грозныйдың атақты "Терек" командасын жаттықтырып, сол құраммен Ресей кубогін де жеңіп алған. 

Ваит Талгаев қай команданы жаттықтырса да өзінің асқан біліктілігімен есте қалды. Және ол жаттықтырған командалар жоғарғы орындардан көрінді. Вайт Талгаевтың есімі "Тараз" футбол жанкүйерлеріне де жақсы таныс. Ол 1990-1992 жылдары Жамбылдық "Химик" командасын жаттықтырса, 1996- жылы Талгаевтың бапкерлігімен "Тараз" командасы алғаш рет Қазақстан чемпионы болды. 2010-2011 жылдардағы футбол маусымында тағы да "Тараз" командасын жаттықтырды. Одан кейінгі кезеңде Шешенстан елінде еңбек еткен. 


Жаңалықтар
0