Саясат

СҚО прокуроры болып уақытша Бас прокуратураның бұрынғы маманы тағайындалды

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры міндетін уақытша атқарушы болып Тимур Тәшімбаев тағайындалды

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жаңапрокурор тағайындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға СҚО әкімінің баспасөз қызметінде. 

"Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды", — деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметінде. 

Бұрын өңір прокурорының қызметін Степан Зайтлер атқарған. Sputnik Қазақстанға қадағалау ведомствосының баспасөз қызметіне хабарлағандай, Зайтлер зейнетке шыққан. 

Тимур Тәшімбаев С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қ. Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеуші қызметінің стажері болып бастаған. Прокуратура тергеушісі, Алматы қ. Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі және Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші және орынбасары болып жұмыс істеген. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі жауапты қызметтерді атқарды, Алматы қ. Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Алматы қ. прокурорының орынбасары болды. 2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі болды. 2012 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Бас прокуратурасы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып еңбек етті.   


Жаңалықтар
0