Әлем

Сенімділік рейтингі: американдықтардың жартысынан азы Трамптың күшіне сенеді

© AP Photo / Julie JacobsonСайланған президент Дональд Трампқа қатысты қарсылық шеруіне қатысушылар
Сайланған президент Дональд Трампқа қатысты қарсылық шеруіне қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауалнама 50 шаттағы 18 және 50 жастағы американдықтар арасында жүргізілді

АСТАНА, 3 қаң — Sputnik. Американдықтардың 50 пайызға жетпейтін бөлігі сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік дағдарысты еңсере алады деп санайды, бұл Барак Обама мен Билл Клинтонның көрсеткіштерінен төмен, деп жазады РИА Новости Gallop басылымының сауалнамасы нәтижесі туралы. 

Сауалнама 7-11 желтоқсанда 50 штатта 18 және 50 жастар арасындағы мыңнан астам америкалықтардың арасында жүргізілді. Сауалнама деректеріне сәйкес, респонденттердің 46%-ы ғана Трамптың халықаралық дағдарысты еңсертін, 47 пайызы АҚШ қорғанысын ақылмен басқаратын қабілетіне сенеді. Сұралғандардың 55 пайызы Трамптың америкалық мүддені қорғайтынына сенімді, 59 пайыз ұлттық экономиканы тиімді басқаратынына сенеді. 

Трамптың конгреспен келісі алатындығынан сенімділік жоғарылау —  60%. Сауалнамада бұл көрсеткіштердің Трамптың алдындағы – Барак Обама, Билл Клинтон мен кіші Джордж Буштан төмен екені атап көрсетілген. 


Жаңалықтар
0