АСТАНА, 3 қаң — Sputnik. Сириялық оппозицияның 10-ға жуық тобы Дамаскіні айыптап, Астанадағы келіссөздерге әзірлікті тоқтататынын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости AFP басылымына сілтеме жасай отырып.
"Бұл бұзушылықтардың жалғасуына байланысты, оппозиция топтары Астнадағы келіссөздерге байланысты барлық талқылауларды тоқтатқандығы туралы мәлімдейді", — деп келтіреді агенттік онға жуық оппозициялық топ жасаған мәлімдемені.
Президент Путин бұрын түркиялық көшбасшы Тайып Ердғанмен Сириядағы қақтығыс тараптарына бейбіт келіссөздерін жаңа алаң Астанада жалғастыру туралы келіскенін мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол женевалық келіссөздерді толықтыра алады. Ұсыныспен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келісті.
2015 жылғы мамыр мен қазанда Астана қаласында сириялық оппозиция келіссөздерінің екі раунды өткізілген.