Өңірлер

Сейсенбіде қазақстандықтарды қатты боран күтеді

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым өңірлерінде жел бұрқасынмен күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.

АСТАНА, 3 қаң — Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар болып, оңтүстік жартысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола, облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с кей жерлерінде 30 м/с аса күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде қатты болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жер 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-25 м/с күшейеді,  Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қостанай облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау,Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман болады. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20  м/с, күшейеді.


Жаңалықтар
0