Саясат

ГФР: Асадтың болашағы туралы мәселе Астанада талқылануы тиіс

© Пресс-служба президента Сирии Башара Асада / Sputnik / Медиабанкке өтуСирия президенті Башар Асад
Сирия президенті Башар Асад - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия президенті Башар Асадтың болашағы туралы мәселе Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздерде қайта көтерілуі тиіс, деп мәлім етті ГФ СІМ өкілі Мартин Шефер.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Сирия президенті Башар Асадтың болашағы туралы мәселе Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздерде қайта көтерілуі тиіс, деп мәлім етті ГФ СІМ өкілі Мартин Шефер. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Сирия бойынша келіссөздер үшін барлық жағдай жасауға уәде берді

"Сирия президенті Башар Асадтың тағдыры мен болашағы туралы мәселе, Сирия қоғамы мәселесі – осы сұрақтардың барлығы Астанадағы келіссөздерде көтеріліп, бұдан кейін де талқылануы тиіс", — деп келтіреді Шефердің сөзін РИА Новости

Президент Путин бұрын түркиялық көшбасшы Тайып Ердғанмен Сириядағы қақтығыс тараптарына бейбіт келіссөздерін жаңа алаң Астанада жалғастыру туралы келіскенін мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол женевалық келіссөздерді толықтыра алады. Ұсыныспен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келісті. 

2015 жылғы мамыр мен қазанда Астана қаласында сириялық оппозиция келіссөздерінің екі раунды өткізілген.  


Жаңалықтар
0