Өңірлер

2 қаңтарда Қазақстанда боран сақталады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың алғашқы дүйсенбісінде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын түседі, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің сайтында. 

 Ақмола облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын соғады деп күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.  Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде тұман болады.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.  

 

 

 

Жаңалықтар
0