АСТАНА, 1 қаң — Sputnik. Санта-Клаус боп киінген адам Жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina түнгі клубында қонақтарға шабуыл жасады деп хабарлайды РИА Новости.
Соңғы мәліметтер бойынша, шабуыл нәтижесінде 39 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алған.
Рейтердің хабарлауынша, қаза тапқан 21 адамның ғана кім екені анықталды, олардың 16-сы шетелдік, бесеуі Түркия азаматтары.
Түркия ІІМ болған оқиғаны теракт деп атады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адам іздестірілуде.