Қоғам

Бибісара Асаубаева үшін ең тамаша сыйлық

© SputnikБибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстаннан шыққан шахмат данышпаны Бибісара Асаубаева, өкінішке орай, спорттық азаматтығын ауыстырып, қазіргі таңда Ресейдің намысын қорғап жүр. Ол Sputnik тілшісіне ең тамаша жаңажылдық сыйлық туралы айтып берді

АСТАНА, 31 жел – Sputnik. 12 жасар дарынды шахматшы Бибісара Асаубаева туып өскен Қазақстан мен қазір де тұрып жатқан Ресей елдерінен шет аймақтарда да танымал. Ол Жаңа жылды алғаш рет Астанада емес Мәскеуде қарсы алмақшы.

"Жаңа жылды жақсы көремін. Үйде отбасыммен бірге қарсы аламын. Дәстүрге сай сағат 12-де от шашу тамашалап, 1 қаңтарда ата-анаммен сырғанаққа барамын. Бұл күні қар атысып ойнағанды жақсы көреміз, үйге келген соң монополия ойнаймыз", — дейді жас шахматшы.

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева - Sputnik Қазақстан
Спорт
Асаубаева алғаш рет РФ намысын қорғап, әлем чемпионы атанды

"Мен үшін ең қымбат сыйлық – былтырғы жылы алған экектронды кітапша. Өте ыңғайлы зат, көп кітап жазып алуға болады", — дейді Бибісара.

Бибісара Қазақстанда қалған достарын еске алып, оларға жүрек жарды тілегін білдіргісі келеді. Өйткені биыл қазақстандық достарының ешқайсын көре алмайды, себебі Жаңа жылды Мәскеуде қарсы алады.

"Оларға мықты денсаулық тілеймін. Келе жатқан жылда ауырмасын. Және бүкіл армандары орындалсын", — деді ол шын жүректен. 

Жаңалықтар
0