Қанаттының көңілін қалай табамыз – астролог кеңесі

© Photo : из личного архива Оксаны ДарьинойАстролог Оксана Дарьина
Астролог Оксана Дарьина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық астролог Ольга Дарьинаның пікірінше, 2017 жыл Қазақстан үшін былтырғы жылдан жағымды болмақ

АСТАНА, 31 жел – Sputnik, Баубек Қоңыров. 2017 жылы Шығыс күнтізбесіне сәйкес мешіннің орнын Тауық немесе Отты қораз басады. Жынысы мен жасына қарамастан, әрбір Зодиак белгісін бұл мерзімде ерекше жаңалықтар күтіп тұр.  Sputnik Қазақстан тілшісі астролог Ольга Дарьинамен  тілдесіп, алдағы 12 айда қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын сұрап білді.

- Әуелі мынаны айтыңызшы, 31 желтоқсан күні қалай киінген жөн? Және бұл жөніндегі қағидаларды он екі ай бойы ұстанып жүру керек пе?

— 2017 жыл – Отты қызыл қораз жылы. Не кию керек деген сұраққа келсек, бүкіл астрологтардың бір ғана кеңесі бар – қызыл және алтын түстес киімдер басым болуы тиіс. Жаңажылдық кеш үшін қораздың қауырсыны түстес киім үлгілері қолайлы болады. Ең бастысы, киген киіміңіз қимыл-қозғалысыңызға кедергі келтірмесе болды.Қораз — үй құсы әрі ауылда өсірілетіндіктен, дәстүрлі тәрелкелердің орнына ауылдық нақыштағы ыдыс-аяқтарды пайдаланған жөн, дастарханды әрлеуде ашық әрі қанық түстерді қолдануға болады.

© Public DomainҚораз жылы
Қораз жылы - Sputnik Қазақстан
Қораз жылы

Қай жануардың жылын қарсалатын болсаңыз, соның етінен жасалған тағамдар дайындамаңыз деген салт бар. Сол себепті мерекелік дастарханды дұрыстап ойластырып, құс етін, оның ішінде тауықтың етін пайдаланбауға тырысыңыз. Қоразға бұл жақпай қалуы мүмкін. Сондай-ақ, жұмыртқаны да қолданбаған жөн. Бәріміздің сүйікті салатымыз оливьенің құрамына жұмыртқа кіретінін ескерсек, тауықтыкінің орнына, бөдененікін қосқан жөн. Айтпақшы, қораз – үй құсы, сол себепті Жаңа жылды отбасы ошақ қасында қарсы алған дұрыс.

Айта кететін бір жайт, аталған кеңестерді жыл бойы ұстанып жүрудің қажеті жоқ. Қызық болып естілетін шығар, бірақ Жаңа жыл астрология мен ғаламшарлар үшін – қарапайым күн. Бұл мерекені жақсы көретіндер оған ерекше сиқырлы мағына үстеген. Бірақ бұл күні адам санасының, ой-жүйесінің күші басты рөл атқарады. Миллиондаған адамдар бұл күнді ғажайыптар күні деп сенетін болса, адамның ой күшінің арқасында шынымен арман-тілектер орындала бастайды. 

- "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің" деген мәтел рас па?

— Иә, ол рас. Жаңа жылды жақсы көңілкүймен бастаған жөн.  Жылдың бастапқы нүктесі қуаныш пен шаттық болғанға не жетсін. Кез келген нәрсені сондай көңілкүймен қолға алған дұрыс. 

- Бұл жыл жақсы өту үшін тағы қандай кеңес бере аласыз? Дастарханды мол етіп жайған жөн шығар?

— Олай емес. Қораз – үй құсы,  мол дастархан жаю міндетті емес. Бастысы дәмді әрі қарапайым болса болғаны. Ауылдық нақыш сезіліп тұрса тіпті жақсы. Ішімдік жағын айтар болсақ, бұл әркімнің өз таңдауы, дегенмен қораз мастарды жақтырмайды. Әлбетте, бір бокал шампан немесе қызыл шарапта тұрған ештеңе жоқ, сонда да әр нәрсенің шегін білген жөн. 

- Ал, енді жұлдыз жорамалға көшсек. Зодиак белгілері үшін биылғы жыл қандай болмақ?

— Жалпы, бұл жыл материалдық жағынан оңай жыл емес, дегенмен жаңа мүмкіндіктер мен бастамаларға қолайлы болмақ. Әсіресе, от, жер және ауа стихиясына тиесілі белгілер үшін тұлға ретінде дамуға жақсы мүмкіндік туады. Су стихиясы өкілдерінің жеке өмірі жақсылыққа толы болады. Егер әрбір жұлдыз туралы жеке-жеке айтар болсақ, ол былай.

© Public DomainЖұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал - Sputnik Қазақстан
Жұлдыз жорамал

Тоқтылар биыл алдына үлкен мақсат қойып, соған қол жеткізе алады. Бұрын шамаңыз жетпей жүрген белестер болса, биылғы жылы дегеніздің бәрі орындалады. Торпақтар қаржы жағынан қиындық көргенімен, материалдық жағдайын біршама жақсарта алады. Кейбіреуі біраз қаражат жинауы мүмкін. Егіздер білім саласында үлкен жетістіктерге жетеді. Әсіресе, жаңа қолға алған салаларды меңгеру сәтті болмақ. 

Шаяндар бұл жылы отбасына көңіл бөлуі тиіс. Көпшілігі шаңырақ көтереді. Арыстандардың жұмысы мен мансабында тасы өрге домалайды. Бикештер денсаулық сақтау саласына назар аударғаны жөн, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен айналысуға болады. 

Таразыларды жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер, саяхаттар күтіп тұр. Ең күшті жұлдыз – Сарышаян – өз күшін барынша пайдаланады. Көпшілігі сәби сүюі мүмкін. Ал, Мергендер жаңа идеяларды жүзеге асырып, биік белестерден көрінеді.

Тауешкілер қолда бар мүмкіндіктерді көріп, пайдасына жаратуға тырысуы қажет. Ал, Суқұйғыштар кей мәселеде сабырлық танытып, шыдамды болуы тиіс. Балықтар шығармашылықпен айналысып, өз қабілеттерін дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Жаңалықтар
0