Хор мен Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Мариин театрының Симфониялық оркестрі Джузеппе Вердидің "Реквиемі" орындап, Ту-154 апаты құрбандарының рухына құрмет көрсетті. Концерт 29 желтоқсанда өтті. Оған сондай-ақ, Попов атындағы хор өнері академиясының хоры және Кожевников атындағы Мемлекеттік облыстық хор қатысты.
РФ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні таңертең Ту-154 ұшағының радардан жоғалып кеткендігін хабарлаған еді. Әскери ведомствоның берген мәліметінше, ұшақтың бортында 93 адам болған – сегіз экипаж мүшелері мен 85 жолаушылар, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына бара жатқан. Сонымен қатар, жолаушылар арасында Ресей БАҚ-ның тоғыз өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған.