Қоғам

Жаңажылдық мерекелер: Астанада автобустар қаншаға дейін жүреді

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңажылдық Астана-2017
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жыл түні қоғамдық көлік түнгі сағат бірге дейін жүреді

АСТАНА, 30 жел – Sputnik. Астанада жаңа жылдық демалыс кезінде 31-ші желтоқсаннан 3-ші қаңтарға дейін қоғамдық көліктің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Astana LRT компаниясының баспасөз қызметі. 

"Жаңа жыл кешінде Астанада қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі түнгі сағат 1:00-ге дейін ұзартылды. 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарында таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін барлық қалалық бағдарлар қозғалысының аралығы 20 минуттан болады, ал 10:00-ден кейін демалыс күндердің кестесі  бойынша жүреді", — делінген хабарламада. 

Қала маңы бағдарлары №№ 303, 304, 306, 307, 308 таңғы сағат 6:30-дан 10:00-ге дейін 30 минут сайын, 10:00-ден кейін демалыс күнгі кесте бойынша жүретін болады. 

2017-ші жылдың 2-ші және 3-ші қаңтарында барлық маршруттар демалыс күнгі кесте бойынша жүреді.


Жаңалықтар
0