АСТАНА, 30 жел – Sputnik. Астана қаласында 31 желтоқсанда таңертең және күндіз, 1-2 қантарда тәулік бойы 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел, 1-2 қантарда екпіні 25 м/с күтілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комиетінің сайты.
Ақмола облысында 31 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын, 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел, екпіні 25 м/с күтілуде.
1-2 қантарда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын, 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с астам.