АСТАНА, 30 жел — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Президент іс басқарушысының жаңа орынбасарлары тағайындалды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Өкім мәтініне сәйкес, Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.