Оқиға

Еламановты өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

© AP Photo / Peter Dejongқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот мұндай шешімді күдіктінің объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деген қауіптенуден қабылдады.

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Көкшетау соты қалалық ІІБ опер қызметкері Дархан Еламановты өлтірді деген күдікті майор Баймурзинді қамауға алуға санкция берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

Көкшетау қалалық соты бүгін Ақмола облысы ІІД тергеушісінің Баймурзинді Ж.К. қамауға алу бұлтарпау шарасын қабылдау туралы өтінішін қарады. Аға лейтенант Дархан Еламановтың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлердің қорытындылары бойынша, ол оқ жарақатынан өлген.

 

Баймурзин 27 желтоқсан күні ұсталып, тергеу изоляторына отырғызылған. Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша квалификацияланған.

 

Сот жасалған әрекеттер, Баймурзиннің жеке басының сипаттарынан, күдікті бостандықта жүрсе объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деген негізден шешім қабылдады.

 

"Күдікті Баймурзинге қатысты 2016 жылғы 27 желтоқсаннан 2017 жылғы 27 ақпанға дейін қамауда ұсау бұлтартпау шарасы қабылдансын",  — делінген Көкшетау қалалық сотының қаулысында.

 

Сот қаулысына жариялаған уақыттан бастап үш күн ішінде шағым түсіруге болады.

 

 

 

Жаңалықтар
0