АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Оралдық оқушы Аяз Атаға жазған хатында сыйлықтың орнына облыс әкімі Алай Күлгіновтің кабинетін көрсетуді сұраған, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" басылымы.
Орал мектептерінің бірінің оқушысынан "Қазпошта" қызметкерлеріне ерекше хат келді. Олар ертегілік кейіпкерге жазылған 1500 мыңнан астам хатты оқып үлгерді. 600 хатқа "Қазпошта" АҚ құттықтау ашық хат түрінде жауап беріп, 100-ге жуық сыйлық жіберді.
"Бұл жолы бірге көптеген қызықты хаттар келді. Біреуі маған ерекше ұнады. Орал мектептерінің бірінің оқушысы Аяз Атадан облыс әкімі Алай Күлгіновтің кабинетін көрсетуді сұраған. Біз бірден ол хатты облыс әкімдігіне жолдадық", — дейді "Қазпошта" АҚ батыс қазақстандық филиалы директорының орынбасары Гүлбаршыш Қажымова. Баланың арманы орындалып, облыс әкімінің креслосына отыра алады ма, әзірге белгісіз.