АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстан Республикасы үкіметінің келісімімен "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті болып Ерғазы Нұрғалиев сайланды деп хабарлайды қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұрғалиев Ерғазы Мейірғалиұлы 1954 жылы 4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1977 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген, 2001 жылы Мәскеу халықаралық экология-политологиялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының ардагері, ғарыш кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін 2011 жылы "Байқоңырдың құрметті азаматы" және "Байқоңыр" ғарыш айлағының еңбек сіңірген құрылысшысы" атақтары берілген.