Саясат

Қазақстанның қаржы вице-министрі болып Берік Шолпанқұлов тағайындалды

© Photo : Министерство финансов Республики КазахстанБерік Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг комитетінің бұрынғы басшысы Берік Шолпанқұлов вице-министр болып тағайындалды

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Берік Шолпанкұлов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг қомитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Шолпанқұлов 1976 жылы туылған.  1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау" мамандығы бойынша, 2016 жылы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетін "Әскери және мемлекеттік басқару" мамандығымен  бітірген.

Өз еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілде арасында — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусым аралығында —Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Жаңалықтар
0