Спорт

Занковец: "Авангардқа" қарсы матч – ең үздік ойындардың бірі

Жазылу
Астаналық "Барыс" клубының бас бапкері Эдуард Занковец сәрсенбі күні "Авангард" командасын жеңгеннен соң, ойыншыларының айдындағы шапшаңдығын атап өтті

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. "Барыс" хоккей клубының сәрсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс конференциясының екінші командасы "Авангардты" ұтқан матчы – осы маусымдағы ең үздік ойындардың бірі болды деп санайды қазақстандық команданың бас бапкері Эдуард Занковец.

Барыс - Металлург - 5:3 - Sputnik Қазақстан
Спорт
Занковец: "Магниткамен" жол болды

Негізінде, бірінші периодтан соң айдын иелері 0:1 есебімен ұтылып жатқан болатын, бастапқы жиырмаминуттықтың аяқталуына бір жарым минут қалғанда "Авангард" командасынан Илья Зубов гол соққан еді.

Екінші периодта "Барыстың" жасаған шабуылдары "Авангардтың" прессингіне қарсы тұра алмай жатты. Алайда соңғы 40 минутқа Омск командасының шамасы жетпеді, үшінші периодтың басында Кирилл Панюков ҚХЛ алғашқы голын соғып, есепті теңестірді. Үш минуттан соң Мартен Сен-Пьер "Барыс" командасын алға оздырды. 

© Photo : Официальный сайт ХК "Барыс"ХК "Барыс" - "Авангард" - 3:1
ХК Барыс - Авангард - 3:1 - Sputnik Қазақстан
ХК "Барыс" - "Авангард" - 3:1

Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мұз айдыны, сырғанақтар мен хоккей корттары
Мачтың соңғы минутында "Авангард" қақпашыны алтыншы ойыншыға айырбастап, финалдық сиренаға 25 секунд қалғанда Константин Пушкарев қарсыластың бос қақпасына шайба тастады.

Осы ойыннан соң "Барыс" 44 матчта жинаған 65 ұпайымен жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Алдағы ойынды қазақстандық клуб 4 қаңтар күні өз айдынында мәскеулік "Спартакқа" қарсы өткізеді.

Жаңалықтар
0