Саясат

Қайрат Абдрахманов Қазақстанның сыртқы істер министрі болды

Жазылу
Қайрат Абдрахманов Қазақстаның сыртқы істер министрі қызметінде Ерлан Ыдырысовтың орнын басты

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Қайрат Әбдірахманов Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Бұрын Абдархманов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған. 

"Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылсын",- деп хабарлады Ақорда. 

Әр жылдары Қайрат Абдрахманов Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары, ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары, ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 


Жаңалықтар
0