АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Атырау облысындағы мәслихат депутаты, "Жас Отан" жастар қанаты филиалының көшбасшысы Асқар Бопылдықов 33 жасында қайтыс болды деп хабарлады Бопылдықовтың достары әлеуметтік желілерде.
Бопылдықов соңғы бірнеше ай бойы созылған ауыр сырқатынан айыға алмай, дүниеден озды.
Марқұмның жаназасы туған ауылы Ақжайық ауылында 30 желтоқсанда өтеді.
Бопылдықов Асқар Төребайұлы 1984 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.
Ол Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті әлемдік тілдер факультеті және заң факультетінің түлегі.
Еңбек жолын 2006 жылы туған ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған.
Содан кейін Атырау қалалық әкімшілігінің ішкі саясат басқармасында Атырау облысындағы "Нұр Отан" партиясы филиалының жастар мәселесі жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарып, Атырау облысындағы "Жас Отан" жастар қанатының филиалын басқарған.