АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Оралда "Юность" стадионының құрылысы орнында адамның сүйектері табылды, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды.
"Бұл сүйектер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді, қазір қорытындысын күтіп отырмыз: бұл адамдардың неден және қашан қайтыс болғаны анықталады. ХХ ғасырдың басы – ХІХ ғасырдың аяғында болуы мүмкін", — деп хабарлады Орал әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұл жерде қанша адамның сүйегі жерленгені әлі белгісіз.
Даумовтың сөзіне сүйенсек, әкімшілік оқиғаның анық-қанығын анықтауда және сараптама нәтижесін күтіп отыр. Содан кейін сүйектер қайта жерленеді.