Экономика

Ақышев Қазком салымшыларын жинақ қаражаттары үшін алаңдамауға шақырды

© Photo : Служба центральных коммуникацийДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Qazkom-ның қаржылық ахуалының жақсы екендігін айтып сендірді

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. "Қазкоммерцбанк" салымшыларына жинаған қаражаттары үшін алаңдаудың қажеті жоқ деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Qazkom - Sputnik Қазақстан
Экономика
Qazkom: банкке жәрдем беру туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ

"Банктің қызметіне оң бағамды беремін, салымшылардың алаңдауына еш себеп жоқ", — деді Ақышев тілшілерге сәрсенбі күнгі жалпы отырыстан кейін.

Ұлттық банк төрағасы "Қазкоммерцбанкке" 400 миллиард теңге көлемінде қарыз берілгендігін еске салды.

"Бірақ, неге екенін білмеймін, "Қазкоммерцбанктің" дүйсенбі күні қарыздың жартысын, яғни 200 миллиард теңгені өтегенін көпшілік байқамай қалды. Демек, оған ақша керек емес. Қазір "Қазкомның" Ұлттық банк алдындағы қарызы 200 миллиард теңгені құрайды, бұл стандартталған сома, банктің активтеріне қатысты үлесі өте төмен, сол себепті бұл жерде алаңдауға еш себеп көріп тұрған жоқпын…", — дейді Ақышев.

Жаңалықтар
0