АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Оннан астам жолашулылар пойызы мен бірнеше электричкалар Қарағанды облысында вагондардың рельстен шығып кетуі салдарынан кешіктірілуде деп хабарлады "Жолаушылар тасымалдары" АҚ.
Сейсенбі 27 желтоқсан күні Қарағанды облысындағы Бабатай станциясында жүк пойызының электровозы мен 12 вагоны рельстен шығып кетіп, Астана теміржол вокзалы ығы-жығы жолаушыларға толып кетті.
Компания айтып өткендей, кешіккен пойыз жолаушыларына межелеген жерге жеткен соң келтірілген зиян толықтай өтеледі.
Қазіргі уақытта келесі пойыздар кешігуде:
- №55 Қызылорда-Көкшетау
- №63 Арыс-Астана
- №705 Алматы-Петропавл
- №701 Алматы-Астана
- №707 Шымкент-Астана
- №83 Қарағанды-Мәскеу
- № 853 Қарағанды-Астана
- №857 Қарағанды-Астана
- №328 Қостанай-Қарағанды
- №86 Астана-Сарыағаш
- №46 Павлодар-Алматы
- Қарағандыдан бет алған 3 электр пойызы.