АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Ақтөбелік кәсіпкер Санат Досов Facebook желісіндегі әлеуметтік араздықты тудыратын жарияланымдары үшін үш жылға сотталды деп жазады жергілікті "Диапазон" басылымы.
Басылымның ақпараты бойынша, 46 жастағы ер адам, алты баланың әкесі, Украинаның оңтүстік-шығысында қақтығыстардың басталуы мен Ресейдің Сирия соғысына қатысуынан бастап өз пікірін жариялай бастайды. Жазбалары мен жарияланымдарында қазақстандық азамат Ресей саясаты мен РФ президенті Владимир Путинді, жергілікті билік өкілдерін, Қазақстанда тұратын орыстарды қатаң сынға алып, діни мәселе туралы да ойын білдірген.
Сотталушы екі жақтың пікірсайысы кезінде кінәсін мойындап, ешқандай жаман ниеті болмағанын түсіндірді. Қазақстанның патриотымын деп бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Прокурор сотталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот Досовты үш жылға ғана соттады.