АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қарапайым емес сиқырлы жұмыс күндері мен нон-стоп режиміндегі жұмысы туралы Sputnik Қазақстанға Астананың ең тәжірибеле аниматорларының бірлері айтып берді. Олар көп жылдық Аяз ата мен Қарша қыздың тәжірибесі бар Артем Хлыстун мен Анастасия Титовская.
Анастасия:
Мен 16 жасымнан бері жұмыс істеп келемін. Мектептен тура осыған келдік. Жасымыз қосымша ақша табуға қолайлы болатын, жаңа жылдың тосын сыйлар көптеп жасағымыз келетін, туыстарға сыйлық жасағымыз келетін. Би үйірмесі мен алгебра сабағынан тыс тағы басқа нәрселермен айналысуға тура келді. Мамандығым бойынша мен ағылшын және неміс тілдерінің филологымын.
Артем:
Университетте, КТК-да мектепте ойнадық. Мамандығым бойынша әлеуметтанушымын. Алғаш рет 2007 жылы Аяз ата болдым.
Анастасия:
Ол былай болатын. Бізді бір пәтерге жинайтын. Онда жетекшіміз болатын. Ол барлық жас әрі дарынды қыз-жігіттерді жинайтын. Барлығында емтихандардың болуына қарамастан, ол қызықтыра білетін. Одан кейін бітпейтін репетициялар болатын. Біз ол кезде тәжірибесіз Аяз Ата мен Қарша қыздың не екенін, олардан не талап етілетінін түсінбейтінбіз. Бізге А4 бума қазадарын беріп жаттаңдар дейтін. Егер қазір сол мәтінді ексе түсіру қажет болса, мен олай жасай аламын. Мүмкін оның пайдасы тиген де болар. Өйткені қазір ешкім олай істемейді. Қазір адамдарды тауып, оларды киіндіреді де барлық уақытта жұмыстың сапасына кепілдік бере бермейді. Сондықтан, адамдардың қандай да бір базалық білімдерінің немесе актер болғандары маңызды. Балалар болып жатқан дүниені түсінулері үшін қойылған дауыс, харизманың болғаны жөн.
Артем:
Ол офис болатын. Дәлірек айтар болсам, кеңсеге жабдықталған пәтер болатын… Ал жастарды осылай жинайтын адамда жақсы ақша табатын. Жастар ол үшін қанша алу керектігін, ол үшін адамдардың қанша төлеуге дайын екенін түсінбейтін. Оларға 2-4 мыңнан беріп, ал ұйымдастырушылар мұны 30-40 мың теңгеге сататын.