Қоғам

Ресей дипломаты Өскеменде көз жұмды

© Sputnik / Наталья ШимолинаМайшамдар
Майшамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
РФ Бас консулдығына іссапарға жіберілген қызметкер дүйсенбі күні Өскеменде қайтыс болды

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Ресейдің сыртқы саясат ведомствосы қызметкері Қазақстанда дүйсенбі 26 желтоқсан күні қайтыс болды.

"26 желтоқсан күні Өскеменде іссапарға жіберілген қызметкер Скрыльников Роман Сергеевич инфаркттан көз жұмды. Мәйіті отанына жіберіледі", — деп хабарлады РФ елшілігі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Скрыльников РФ-ның Өскемендегі Бас консулдығына іссапармен жіберілген еді.

Жаңалықтар
0