Қоғам

"Радиоточканың" бұрынғы бас редакторы Ғабдуллиннің ісі бойынша куәгер болады

© Photo : fккаунт Бекжана Идрисова в FacebookБекжан Ыдырысов
Бекжан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер іс сотқа дейін жететін болса, Қазақстаннан кетіп қалған Бекжан Ыдырысов бейне байланыс арқылы түсінік бере алады

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қазақстаннан құпия түрде кетіп қалған Radiotochka.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Бекжан Ыдырысов сайт директоры Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша куәгер болады деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев.

Бекжан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Радиоточка: жыл соңына дейін жұмыс істейміз

"Ол куәгер ретінде екі рет шақырылды, оған қатысты процесстік шешімдер қабылданған емес. Шекаралық қызмет желісі бойынша да шектеулер қойылмады. Емін-еркін елден кетіп қалды. Ол тергеуден өтті, түсінігі де жеткілікті", — деді Ішпекбаев сейсенбі күні тілшілерге.

Ішпекбаевтың сөзіне жүгінсек, егер іс сотқа дейін жететін болса, Ыдырысов сотта бейне байланыс арқылы жауап береді.  

Жаңалықтар
0