АСТАНА, 27 жел — Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жыл соңында министрлердің шарап қалғандығын айтып қынжылды.
Астанада сейсенбі күні үкіметтің кезекті отырысы болды. Іс-шара барысында әділет министрі Марат Бекетаевтың баяндамасы бойынша шешімге дауыс берер кезде отырысқа қатысушылардың біразы кідіріп қалды.
"Баяндамашыға сұрақ бар ма? Жоқ болса, тіркеліңіздер. Ешкімдікі қосылмай тұр ғой, карточканы қайта салыңыздар. Болды, енді тіркелеміз де, дауыс береміз. Жыл соңына қарай қайратымыз қалмай барады, ал техника болса жұмыс істеп тұр. Техника жұмыс істеп тұрса да, қолдарымыз дір-дір етеді. Бітті, шешім қабылданды", — деді Сағынтаев отырыста.