Әлем

Korean Air елірген жолаушыларды электрошокпен жуасытуды көздеп отыр

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуKorean Air ұшағы
Korean Air ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе жанжалқойларын электр разрядының көмегімен залалсыздандыруға экипажды үйрететін болады

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Оңтүстік кореялық Korean Air әуе компаниясы ұшақ бортында оқиғаларды болдырмау мақсатында элктрошокерлер қолдануға дайын екендігі туралы мәлімдеді, деп жазады РИА Новости Ренхап ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Оның деректеріне сәйкес, электшокерлерін пайдалану тралы шешім дүйсенбі күні Сеулдағы Korean Air білім беру орталығында жарияланды. 

Авиакомпанияның сендіруінше, жолаушылар мен экипаж өміріне, сонымен қатар ұшулардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда ғана электрошокерлердің көмегіне жүгінетін көрінеді. 

Экипаждың барлық мүшелері үшін ұшу кезінде тыныштық бұзушыларды мұндай әдіспен тынышталдыру бойынша үйретулер жүргізіледі. 


Жаңалықтар
0